Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады

Қазақстанның Азаматтық альянсы «ҰСТАНЫМ» Ұлттық пікірталас клубының«Конституция: Қазақстанның тарихитаңдауының айнасы» тақырыбына арналғанотырысын өткізді. Талқылау елімізде жүзегеасырылып жатқан конституциялық өзгерістераясында өтті. Жиынға сарапшылар қауымдастығыныңөкілдері, үкіметтік емес ұйымдардыңжетекшілері, еліміздің 20 өңіріндегі азаматтықальянстардың көшбасшылары, сондай-ақҚоғамдық кеңестердің төрағалары мен мүшелері қатысты. Бұл алаңның кең өңірлікжәне кәсіби өкілдікке ие болуын қамтамасызетті.

Күн тәртібінде азаматтық қоғаминституттарының конституциялық реформаныіске асыруға қатысуы, мемлекеттікоргандармен өзара іс-қимыл тетіктерінжетілдіру және реформаларды әзірлеу мен талқылау үдерісіне қоғамның кеңінен қатысуынарттыру мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚазақстанныңАзаматтық альянсы конституциялықреформаны қолдау жөнінде ресми мәлімдемежасап, оның елдің саяси жүйесін одан әрідамытудағы маңызын атап өтті. Сондай-ақКонституциялық комиссия мүшелерінеатқарған жұмысы және азаматтық қоғамұсыныстарына назар аударғаны үшін алғыс білдірілді.

https://t.me/civilalliancekz