Егемендік пен аумақтық тұтастық жаңа Конституцияның мызғымас құндылығы
Жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялық міндеттеріне сәйкес келеді.

Конституция жобасының новеллаларының бірі – Егемендіктің жалғыз иесі ретінде Қазақстан халқын бекіту нормасы. Бұдан басқа, «республикалық референдум» түсінігі «жалпыұлттық референдум» деп өзгертілген. Халық өз билігін тікелей жалпыұлттық референдум мен еркін сайлаулар, сондай-ақ мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асыратыны туралы норма айқындалған.
Жарияланған Конституция жобасы – қоғам тарапынан кең әрі қызу талқылаулардың, азаматтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, құқықтанушылар мен сарапшылардың кең ауқымды пікірталастарының нәтижесі. Талқылауға бейжай қарамайтын азаматтар да қатысып, жалпы саны 2 мыңнан асқан өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын e-Otinish пен eGov порталдары арқылы жіберген.
Жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялық міндеттеріне сәйкес келеді. Ол Қазақстанның қалыптасқан мемлекеттілігінің негіздерін қайта бекітумен бірге, «Мықты Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасының логикасына да толықтай сай келеді. Конституция жобасында белгіленген ережелер мемлекет пен қоғамның жаңа эволюциялық кезеңін бастауға негіз қалайды.
Соңғы жаңалықтар
-
Ақтөбеде “Қалдықсыз қоғам”: болашақ үшін бүгінгі қадам
30.03.2026, 15:40
Газет туралы
Газет 1935 жылдың шілде айынан бастап шығып келеді.
Меншік иесі: «Қадір Ұлықпан Қаратайұлы» ЖК
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігі Байланыс ақпараттандыру және ақпарат комитетінде 2015 жылғы 8 сәуірде тіркеліп, №15190-Г куәлігі берілген.




