«AMANAT» партиясы Ақтөбе облысы Байғанин аудандық филиалының кезекті XLIV конференциясы өтті.

 


«AMANAT» партиясы Байғанин аудандық филиалының кезекті XLIV есеп беру – сайлау конференциясына облыстық мәслихат депутаты Естай Сисенбаев, аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері Нұрлан Ахметов, Айгүл Тлеулина және партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және партия мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1) «AMANAT» партиясы Байғанин аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2023 жылғы қыркүйек айынан 2026 жылғы мамыр айына дейінгі аралықта атқарған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттер, оның ішінде Сайлауалды бағдарламаларды іске асыру жөніндегі өңірлік жол карталарын орындау мәселелері;
2) «AMANAT» партиясы Байғанин аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелерін сайлау;
3) «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының XXXVIII конференциясына делегаттарды сайлау туралы.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер толықтай қаралып, тиісті қаулылар шығарылды.
Конференция қорытындысында партияның өңірдегі қоғамдық-саяси рөлін одан әрі күшейту, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жұмыстарды жалғастыру және партиялық жобалардың тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ету міндеттері белгіленді.