«Әділет» партиясы Байғанин аудандық филиалының кезектен тыс ІІІ конференциясы өтті.


Жиынға партияның Саяси кеңес мүшелері , бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия белсенділері қатысты.
Жиында алдымен Ақтөбе облысы бойынша «Әділет» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасының жобасына қатысты ұсыныстар мен сайлаушылардың аманаттарын жинақтау мәселесі қаралды. Бұл бағыттағы жұмыс тұрғындардың талап-тілектерін ескеріп, халықты толғандырған мәселелерді партияның алдағы жұмысына енгізуге арналған.
Конференцияда «Әділет» партиясының Байғанин аудандық филиалы атынан бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Байғанин аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар ұсыну мәселелері талқыланып, 11 кандидат ұсынылды.
Сонымен қатар «Әділет» партиясының Ақтөбе өңірлік филиалы конференциясына қатысу үшін делегаттар сайланды.




