84 медаль, 12 алтын және тарихи жеңістер: Қазақстан Азиаданы қалай өткізді?
Ертең Жапонияда XX жазғы Азия ойындары аяқталады. Қазақстан құрамасы 84 медаль (12 алтын, 24 күміс және 48 қола) олжалап, 46 елдің ішінде жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға тұрақтады, деп жазады.

2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстан 11-орын алған еді. Осылайша, ұлттық құрама алдыңғы Азиадамен салыстырғанда үш саты жоғарылап, алтын медаль санын арттырды.
Қазақстан құрамасы биылғы Азия ойындарында бірқатар олимпиадалық спорт түрінен ел тарихында бұрын-соңды болмаған нәтижелерге қол жеткізді.
Биылғы Ойындардың басты жетістіктерінің бірі ретінде боксшылардың 12 жылдық үзілістен кейін Азия ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алғанын айтуға болады. Бұған дейін ұлттық құрама Азиада алтынын соңғы рет 2014 жылы жеңіп алған болатын. Кейінгі екі Азия ойындарында қазақстандық боксшылар чемпион атана алмады. Жапонияда 70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан және 90 келіден жоғары салмақта ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбай чемпион атанды.