15 наурыз Республикалық референдум күні Қоғамдық саясат институты еліміздің барлық өңірінде exit poll өткізді
Exit poll-ға 24 мың азамат қатысты. Сауалнама 200 дауыс беру учаскесін қамтыды.
Exit poll нәтижесі бойынша, референдумға 72,1% дауыс берушілер келді.
Қатысушылардың 88,6%-ы жаңа Конституцияны қабылдаймын деп дауыс берді.
Дауыс беру учаскелерінің шыға берісінде сауалнаманы арнайы exit poll жүргізу технологиясын меңгерген интервьюерлер жүргізді.




