Президент Республика күнімен құттықтаған шет мемлекеттер басшыларына алғыс айтты

Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді.
– Республика күніне орай жолдаған риясыз құттықтаулары мен жылы лебіздері үшін барлық мемлекеттер және үкіметтер басшыларына, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне алғыс айтамын. Егемен елімізге арнаған ізгі тілектеріңізді халқымыз ризашылықпен қабылдады, – деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Мемлекет басшысы бүгін Аустрияның Федералдық Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.




