Ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтті

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы Байғанин ауданына жұмыс сапарымен барып, еңбек ұжымдарымен және жергілікті тұрғындармен бірқатар кездесу өткізді. Топ құрамында қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен еңбек ардагерлері болды.
Кездесулердің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызын түсіндіру, оның негізгі бағыттарын насихаттау, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың басымдықтары жөнінде ақпарат беру.
Кездесу барысында ақпараттық топ мүшелері жаңа Конституцияның мәні мен маңызына, азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне тоқталды. Сонымен қатар, құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамда адалдық, жауапкершілік және заңға құрмет құндылықтарын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесулер ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ақпараттық топ мүшелерімен пікір алмасты.