Үйге барып қызмет көрсету аясында ерекше қажеттілігі бар 9 мыңнан астам азамат қамтылды

Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттіккорпорациясы үшін мемлекеттік қызметтердіңбаршаға бірдей қолжетімді болуы маңызды. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚКО-ға өзікеле алмайтын ерекше қажеттілігі бар жандарғажәне жүріп-тұруы шектелген тұрғындарғамамандар үйіне барып, тегін қызмет көрсетеді.

2026 жылдың басынан бері Мемлекеттіккорпорация мамандары 12 мыңға жуық азаматтыңүйіне барып, 9 мыңнан астам мемлекеттік қызметкөрсеткен. Ал Ақтөбе облысы бойынша жыл басынан 451 тұрғынның үйіне барып, мемлекеттік қызметтерді ұсынды. Үй жағдайында көрсетілген қызметтердің ішінде сұранысқа ие болғандардың қатарында паспорт пен жеке куәлік беру, электрондық цифрлық қолтаңба рәсімдеу және тұрғын үй көмегін тағайындау бар.

Маманды үйге шақыртып, мемлекеттік қызметалуға I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғалар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, сондай-ақденсаулық жағдайына байланысты жүріп-тұруышектелген, және 65 жастан асқан азаматтарқұқылы.

Маман шақыру үшін Мемлекеттік корпорация сайтындағы «Қызметтер» бөлімі арқылы немесе1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыру қажет. Бұдан кейін қызметкеразаматтың үйіне барып, қажетті құжаттардықабылдайды. Дайын болған қызмет нәтижесікөрсетілген мекенжайға тегін жеткізіледі.

Еске сала кетейік, ХҚКО-ға өзі келетін ерекшеқажеттілігі бар азаматтар үшін барлық жағдайжасалып, кедергісіз жайлы орта қалыптасқан. Ал кезексіз қызмет алуға құқылы келушілерге арнайыжеңілдік терезелері арқылы жедел қызметкөрсетіледі. Ақтөбе облысының ХҚКО-да осындай ерекше қажеттілігі бар 88 азаматқа қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар, еліміздегі барлық фронт-офистер ыңғайлы пандустармен, көмек шақырубатырмаларымен, көру қабілеті шектеулі жандарғаарналған тактильді тақталармен және арнаулыарбалармен қамтылған