Қазақстандықтар жыл басынан бері бала тууына байланысты 200 мыңнан астам біржолғы мемлекеттік жәрдемақы рәсімдеді

Сәбидің дүниеге келуі – кез-келген отбасы үшінзор қуаныш. Бұл маңызды оқиға тиістімемлекеттік жәрдемақыларды рәсімдеу сияқтыжауапты міндетпен толығады. Ата-аналар бала тууына байланысты жәрдемақыны «Азаматтарғаарналған үкімет» мемлекеттік корпорациясыарқылы ала алады. Биылғы жылдың 8 айында бала тууына байланысты біржолғы төлемді 200 мыңнан астам отбасы рәсімдеген.
Бұл ретте қызметті проактивті түрде алумүмкіндігі болғандықтан, жәрдемақы рәсімдеуүшін ХҚКО-ға арнайы бару міндетті емес. Бала тууы тіркелгеннен кейін ата-ананың біріне SMS-хабарлама жолданады. Жәрдемақы алуға келісімінрастап, банк шотын көрсеткеннен кейін төлемавтоматты түрде тағайындалады.
Рәсімделген төлемдердің басым бөлігі оңтүстікөңірлер мен республикалық маңызы бар қалаларғатиесілі. Мемлекеттік қолдауға ие болғандар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда28 мыңнан астам отбасы жәрдемақы алған. Екіншіорында 19 мыңнан астам төлем рәсімделгенАлматы қаласы тұр. Ал үздік үштікті 17 мыңнанастам отбасы жәрдемақы алған Астана қаласытүйіндейді. Ақтөбе бұл тізімде 9 орынды алып отыр, жыл басына бері 9 740 отбасы жәрдемақыға тіркелген.
Мемлекеттен берілетін біржолғы қаржылай көмек мөлшері нәрестенің дүниеге келген кезегіне байланысты. 2026 жылы бірінші, екінші немесе үшінші бала дүниеге келгенде 164 350 теңге берілсе, одан кейін туған балаларға берілетін жәрдемақы құны 272 475 теңгені құрайды.
Ата-аналар құжаттарды бала туған күннен бастап 18 ай ішінде рәсімдеуі маңызды. Себебі аталған мерзім өткеннен кейін, жәрдемақы алу құқығы жойылады.
Жәрдемақыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 7 жұмыс күні ішінде, ал электронды үкімет порталы мен екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы 4 жұмыс күні ішінде рәсімдеуге болады.