БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ АШЫҚТЫҒЫ – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАЛЫ
Мемлекет басшысы өзінің Жолдауларында әрқашан халық үніне құлақ асатын мемлекет құру және бюджет қаражатының әрбір теңгесінің жұмсалуын қоғам бақылауына алу қажеттігін баса айтып келеді. Осы орайда, ауданымыздың қазынасы қалай жоспарланады, қаржының ашықтығы сыбайлас жемқорлықпен күресте қандай рөл атқарады? Бұл сұрақтардың жауабын білу үшін бізаудандық бюджеттік жоспарлау және қаржы бөлімінің басшысы Төлеген Акжоловичпен сұхбаттасқан едік.
– Сауалыңыз өте орынды. Сыбайлас жемқорлық көбіне көлеңкелі дүниелер бар жерде, яғни ақпарат жабық, халық бей хабар ортада дамиды. Ал бюджеттің ашықтығы – сол көлеңкені сейілтетін басты жарық. Егер халық аудан бюджетіне қанша қаржы бөлінгенін, оның қай көшеге асфальт төсеуге, қай мектепті жөндеуге жұмсалып жатқанын нақты біліп отырса, қаржыны жымқыру немесе мақсатсыз жұмсау қаупі айтарлықтай төмендейді. Ашықтық бар жерде қоғамдық бақылау күшейеді, ал қоғамдық бақылау – жемқорлықтың жолын кесетін ең қуатты құрал.
–Бүгінгі таңда аудан тұрғындары бюджеттің қалай бөлініп, қайда жұмсалып жатқанынқайдан көре алады? Оның қандай тетіктері бар?
–Қазір ақпараттық технологиялар заманы. Бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатындабірнеше мемлекеттік портал жұмыс істейді. Еңбастысы–«Ашық бюджеттер» (Openbudgets) порталы. Бұл жерде біздің аудандық бюджеттікжоспарлау және қаржы бөлімі тарапынанбюджеттің жобалары, бекітілген жоспарлар жәнеолардың атқарылуы туралы есептер үнеміжарияланып тұрады. Сондай-ақ, аудан әкімдігініңресми сайтында және әлеуметтік желілердегі ресмипарақшаларында да бюджеттік мәліметтер қолжетімді. Кез келген ауыл тұрғыны үйінен шықпай-ақ, өз ауылына бөлінген қаржының есебін көреалады.
– Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуүшін қаржы бөлімінің ішінде қандай бақылаушаралары жүргізіледі?
– Біз өз тарапымыздан мемлекеттік қаражаттыңмақсатты жұмсалуын күнделікті қатаң бақылаудаұстаймыз. Бюджеттік бағдарламалардыңәкімшілеріне қаржы бөлгенде оның негізділігінмұқият тексереміз. Қазір барлық мемлекеттік сатыпалулар электронды формата өтеді, бұл адамифакторды, яғни жемқорлық тәуекелін барыншаазайтады. Сонымен қатар, бөлім қызметкерлеріарасында жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру, ішкі талдау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліптұрады. Әрбір маман өз жауапкершілігін тереңтүсінеді.
– Төлеген мырза, аудан тұрғындарына, әсіресежас мамандар мен белсенді азаматтарға айтарбасты үндеуіңіз қандай?
– Мен аудан тұрғындарын ел дамуына бей-жайқарамауға шақырамын. Мемлекет қаржысы – халықтың қаржысы. Сондықтан, бөлінген ақшаныңсапалы жұмсалуын талап ету – әрбір азаматтыңқұқығы әрі міндеті. Егер қайсы бір ауылдаатқарылып жатқан жұмыстың (мысалы, жолжөндеу немесе құрылыс) сапасына көңіліңізтолмаса немесе күмәнді жағдайларды байқасаңыз, ашық айту керек. Тек бірлескен, ашық қоғамда ғанабіз сыбайлас жемқорлықты түп – тамырымен жояаламыз. Бюджеттің ашықтығы – осы ортақмақсатқа жетудің төте жолы.
– Сұхбатыңызға рақмет! Жұмысыңызға табыс тілейміз!



