Көшпелі оқыту семинары өтті

2026 жылғы 4 тамызда Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімдігі ғимаратында «Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» ЗТБ ұйымдастыруымен мемлекеттік гранттар мен әлеуметтік жобаларды әзірлеу және іске асыру тақырыбында көшпелі оқыту семинары өтті.

Іс-шара барысында қатысушыларға мемлекеттік гранттарға өтінім беру тәртібі, әлеуметтік жобаларды әзірлеу және тиімді басқару тетіктері, гранттық қаржыландыру мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар 2027 жылға арналған әлеуметтік жобаларды жоспарлау, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы өзекті өзгерістер және азаматтық қоғам институттарының даму перспективалары талқыланды.

Семинар барысында қатысушылар тәжірибелік ұсыныстар алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Іс-шара мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және бастамашыл азаматтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

Жоба Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында жүзеге асырылуда.