«Әділет» партиясы Байғанин аудандық сайлауалды штабының мүшелерімен бірге Қарауылкелді ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді.


Кездесу барысында партияның «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, ауылдық аумақтарды кешенді дамытуға бағытталған бастамаларға жан-жақты тоқталды.
Бағдарламада ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға ерекше мән берілді. Атап айтқанда, ауылдардың инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту, сапалы ауыз сумен, электр энергиясымен және газбен қамтамасыз ету, ауылішілік жолдарды жөндеу, интернет байланысын жақсарту, білім беру мен денсаулық сақтау нысандарының қолжетімділігі мен сапасын арттыру көзделген. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл кәсіпкерлерін қолдау, жастардың ауылда еңбек етуіне қолайлы жағдай жасау бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі екені түсіндірілді.



