Құрылтайдың алғашқы құрамын кімдер қалыптастырады?

Бұл сұрақтың жауабы – сайлаушылардың таңдауына байланысты.

Әр азаматтың өз пікірі мен ұстанымы бар. Сондықтан сайлаудағы таңдау да жеке шешім болуы керек.

Ешкім азаматты белгілі бір саяси партияны қолдауға мәжбүрлемеуі тиіс. Дауыс беру кезінде қысым мен заңсыз ықпалға жол берілмеуі керек.

Сайлаушы саяси партиялардың бағдарламаларымен танысып, олардың ұсыныстарын салыстырып, өз шешімін өзі қабылдайды.

Бұл – саналы таңдаудың негізі.

Ал дауыс берудің құпиялылығы азаматтың өз таңдауын еркін жасауына кепілдік береді.

Құрылтай – бес жыл бойы заңдар қабылдауға және ел үшін маңызды мәселелерді қарауға қатысатын жоғары өкілді орган.

Сондықтан оның алғашқы құрамын қалыптастыру кезінде әр азаматтың еркін әрі саналы таңдауы маңызды.

Ахметов Нұрлан Ақтанұлы
аудандық маслихат депутаты