Ақтөбе облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Ақтөбе облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмектің сапасы мен көлеміне жүргізілген мониторингтің 2026 жылдың 4 айындағы қорытындыларын шығарды

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбеоблысы бойынша филиалы халыққа көрсетілетінмедициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасынқамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық қызметкөрсетушілердің заңнама талаптары мен шарттықміндеттемелерді сақтауын бақылау бойынша жүйеліжұмыстарды жалғастыруда.

2026 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша филиал сарапшылары денсаулық сақтау ақпараттық жүйелеріндежалпы сомасы 221 млн теңгеден асатын 5 535 ақаудыанықтады. Бұдан бөлек, жоспардан тыс мониторинг нәтижесінде медициналық ұйымдарға 263 млн теңгеденастам сомаға өзге де шегерімдер мен қаражатты қайтарутүріндегі экономикалық ықпал ету шаралары қолданылды.

Мониторинг барысында анықталған негізгі бұзушылықтарқатарында емдеу-диагностикалық қызметтер көлеміннегізсіз арттыру, көрсетілген медициналық көмектің құнынкөтеру, сондай-ақ медициналық көмек көрсетустандарттары мен қағидаларын сақтамау фактілері бар. Ақаулардың басым бөлігі консультациялық-диагностикалыққызметтерге, стационарлық және стационардыалмастыратын жағдайларда көрсетілетінмамандандырылған медициналық көмекке тиесілі.

Қор мамандары медициналық қызметтерді негізсіз есепкежазу фактілерін анықтауға ерекше назар аударады. Есептікезеңде төлемге ұсынылған, бірақ расталмаған 719 медициналық қызмет анықталып, олардың жалпы сомасы 2 млн теңгеден асты. Сонымен қатар қаржыландыру көлемінұлғайту мақсатында кешенді диагностикалық зерттеулердібірнеше жеке қызметке бөліп көрсету жағдайлары тіркелді.

Мониторинг барысында медициналық көмектің құныннегізсіз қымбаттату фактілері де анықталды. Атап айтқанда, кейбір медициналық ұйымдар диагноздардың неғұрлымқымбат кодтарын немесе баламалы әрі тиімді әдістерболғанына қарамастан, құны жоғары диагностикалықзерттеулерді қолданған. Сондай-ақ жеткілікті медициналықкөрсетілімдерсіз зертханалық талдаулар тағайындау жәнеолардың нәтижелерін кейіннен түсіндірмеу жағдайлары да кездескен.

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсететінұйымдар арасында амбулаториялық деңгейде немесекүндізгі стационар жағдайында емделуі мүмкінпациенттерді негізсіз ауруханаға жатқызу кең таралғанмәселелердің бірі болып қалып отыр. Мұндай жағдайларМӘМС және ТМККК жүйелерінің қаражатын тиімсізпайдалануға әкеледі.

Қызметтерді сатып алу бойынша шарттық міндеттемелердіңорындалуына жүргізілген мониторинг барысындамедициналық қызметті лицензиялау саласындағы заңнаматалаптарының бұзылу фактілері де анықталды. Бірқатармедициналық ұйымдарға рұқсат құжаттарын қолданыстағыталаптарға сәйкестендіру жөнінде ұсынымдар берілді.

Сонымен қатар өткен жылдың сәйкес кезеңіменсалыстырғанда анықталған ақаулар санының азаюы оң үрдісретінде бағаланады. Бұл медициналық ұйымдар арасындажүргізілген түсіндіру жұмыстарының, ақпараттықжүйелерге деректерді енгізу сапасының жақсаруының жәнеҚор талаптарын сақтау деңгейінің артуының нәтижесіболып табылады.

Денсаулық сақтау саласындағы қаржыландырудыңашықтығын арттыруға бағытталған маңызды құралдардыңбірі – «Saqtandyrý» ақпараттық жүйесі платформасындаенгізілген Медициналық көмекті төлеудің бірыңғай жүйесі(МКТБЖ). Аталған жүйе қолданыстағы нормативтікқұқықтық актілер мен медициналық көмек көрсетустандарттары негізінде көрсетілетін қызметтердің сапасынавтоматтандырылған түрде бақылауға жәнебұзушылықтарды уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.

Ақтөбе облысы бойынша Әлеуметтік медициналықсақтандыру қоры филиалы медициналық көмектің сапасынбақылау тетіктерін жетілдіру және міндетті әлеуметтікмедициналық сақтандыру қаражатының тиімді жұмсалуынқамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастырабереді.