«Ардагерлерді ардақтайық» – қамқорлық пен құрметтің жарқын көрінісі!


«AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Орталық аурухана» БПҰ -мы Жарлы дәрігерлік амбулаториясының дәрігерлері мен медбикелері қарт тұрғындарға жылжымалы медициналық көмек көрсетті.
Медициналық қызмет барысында ардагерлер мен қарттардың денсаулық жағдайы тексеріліп, қажетті кеңестер берілді және профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Үлкендерді құрметтеу, олардың денсаулығына қамқорлық жасау – баршамыздың азаматтық парызымыз.

Ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!