12 мамыр-Халықаралық мейірбикелер күні

«AMANAT» партиясының Байғанин аудандық филиалы 12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күніне орай Байғанин аудандық ауруханасының ұжымын мерекемен құттықтады.

Аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Нұржан Жанин адам өміріне араша болып, күн-түн демей науқастарға қамқорлық танытып жүрген ақ халатты абзал жандарға шынайы алғысын білдірді.

Медицина саласындағы адал еңбек, жоғары жауапкершілік пен жанашырлықтың үлгісін көрсетіп жүрген мейірбикелерге зор денсаулық, отбасыларына амандық, жұмыстарына табыс пен толағай жетістіктер тілеп, алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.