ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ — ҚҰРМЕТ, АРДАГЕРГЕ — ІЗЕТ!

«AMANAT» партиясының Байғанин аудандық филиалы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында тыл еңбеккерлерін келе жатқан Ұлы Жеңіс күнімен құттықтадық.
Іс-шара барысында партия аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұржан Жанин, аудандық мәслихат төрағасы Марғұлан Сержан, Қоғамдық кеңес төрағасы Бауыржан Тәжімұратов және мәслихат депутаттары Тұрғанбай Сейлханов, Айгүл Тлеулина, Мұхтар Құлжан тыл еңбеккерлерінің шаңырағына барып, жылы лебіздерін білдірді.
Кездесу барысында ардақты жандармен емен-жарқын әңгіме өрбіп, олардың ел үшін еткен еңбегі мен төзімі кейінгі ұрпаққа үлгі екені айтылды.
Тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету – өткенге тағзым, ерлікке деген құрмет. Олардың қажырлы еңбегі мен өмір жолы әрдайым ел жадында сақталады.
Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын!