«AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы


Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында іске асырылған «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру және тұрғындарды табиғатқа жанашыр болуға үндейді. Байғанин ауданы бойынша «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза бейсенбі» экологиялық іс-шарасы өтуде.
Аталған шараға партия мүшелерімен қатар еріктілер, жастар, бастауыш партия ұйымдары мен мемлекеттік мекеме өкілдері белсене атсалысып, өз өңірлеріндегі қоғамдық орындар мен табиғи аумақтарды тазартуға үлес қосуда.