Референдум-2026
Бүгін Қарауылкелді ауылында елге сыйлы, үлгілі отбасылардың бірі – Азанқұловтар әулеті өз таңдауларын жасап, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті.
Азанқұлов Меңдіқұл аға – саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған, құрылыс саласында және мемлекеттік қызметте ұзақ жыл еңбек етіп, ауданның әлеуметтік нысандарының салынуына елеулі үлес қосқан ардақты азамат.
Ел дамуына еңбегі сіңген ағалардың қоғам өміріне белсенді қатысуы – жас ұрпаққа өнеге, баршаға мақтаныш.




