«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы алаңында жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты коалиция мүшелері зейнеткерлермен мазмұнды кездесу өткізді.

Кездесуге Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасы Серік Шаңғұтов, Ардагерлер бірлестігінің төрағасы Серік Ботағарин, өңірлік коалиция жетекшісі Нұржан Жанин, Облыстық мәслихат депутаты Естай Сисенбаев және Аудандық мәслихат төрағасы Марғұлан Сержан қатысты.
Жиын барысында Конституция жобасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, азаматтардың ұсыныс- пікірлері тыңдалды. Ашық диалог алаңында ел болашағына қатысты маңызды ойлар ортаға салынды.




