Референдум-2026


Аудандық коалиция мүшелері- аудандық мәслихат депутаты Мұхтар Құлжан, Қоғамдық кеңес төрағасы Бауыржан Тажімұратов және қоғамдық кеңес мүшесі Айбек Серікбайұлы Көкбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында жаңа Конституция жобасының мазмұны мен алдағы референдумның маңызы жан- жақты түсіндірілді.
Коалиция өкілдерінің негізгі мақсаты – халыққа реформаның мәнін жеткізу, Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы кеңінен ақпарат беру және әр азаматтың белсенді ұстаным қалыптастыруына ықпал ету екені айтылды. Түсіндіру жұмыстары аудан орталығы мен елді мекендерді, түрлі сала өкілдерін қамтитыны атап өтілді.
Жиын соңында қатысушылар алдағы референдумға белсенді қатысып, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауда өз таңдауларын жасауға шақырылды.




