«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты коалиция мүшелері — облыстық мәслихат депутаты Естай Сисенбаев, Ардагерлер бірлестігінің төрағасы Серік Ботағарин, «AMANAT» партиясы Байғанин аудандық филиалының атқарушы хатшысы, өңірлік коалиция жетекшісі Нұржан Жанин және коалиция мүшесі Әлібек Бисенбаев Жарқамыс ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жиын барысында референдумның маңызы мен ұсынылып отырған өзгерістер кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейту, ауыл әкімдерінің жауапкершілігін арттыру, бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру және ауыл инфрақұрылымын дамыту мәселелері қозғалды.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының құқықтарын қорғау, жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту, жастарды қолдау және білім мен медициналық қызметтің сапасын арттыру бағытындағы бастамалар туралы айтылды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Жиын соңында қатысушылар 15 наурызда өтетін референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырылды. #референдум2026
#жаңаКонституция
#АтаЗаң