«15 наурыз күні халық болып жаңа Ата заңымызды қабылдағалы отырмыз. Жаңа дейтін себебім, біріншіден, заң мемлекеттік тілде жазылды. Мыңдаған адамның пікірі оқылды, ескерілді. Жаңа Ата заңымыздың әлеуметтік беті айқындалды, яғни, халыққа жақындай түсті. Сіздерді түгел дауыс беруге шақырамыз», деді ол.