Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» аудандық коалиция мүшелері конституциялық реформаны қолдау жөніндегі үгіт-насихат жұмыстарын бастады.
Аудан орталығындағы «Қазақтелеком» АҚ ұжымымен өткен кездесуде жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен енгізілетін өзгерістердің мәні мен маңызы кеңінен түсіндірілді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті, ұжым қызметкерлері өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Коалиция мүшелері әрбір азаматтың ел болашағына белсенді қатысуы маңызды екенін атап өтті.


