Президент бастамаларына қолдау пікірі
Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы заң үстемдігін қамтамасыз ету мен азаматтардың қауіпсіздігін қорғау – мемлекеттің басты міндеті екенін атап өтті. Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа және адам құқықтарын бұзатын кез келген заңсыз әрекетке жол берілмейді.
Қоғамда «қыз алып қашу» деп аталып жүрген әрекет ұлттық дәстүр емес және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыр қылмыс – адам ұрлау болып табылады. Мұндай әрекеттерді салт-дәстүрмен ақтауға болмайды.
Аудандық полиция бөлімі әрбір азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және заңсыз әрекеттерге қатаң құқықтық баға беру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
Заң – бәріне ортақ. Қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың құқықтарын қорғау – полиция мен қоғамның ортақ міндеті.
Байғанин ауданы ПБ басығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Әбиев Әділбек Махмұтұлы.
