Жастар пікірі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты мақаласы – еліміздің болашағын айқындайтын маңызды әрі өзекті еңбек деп санаймыз.
Мақалада жастарға артылатын жауапкершілік пен сенім нақты көрсетілген. Білімді, еңбекқор, отаншыл және бәсекеге қабілетті жас ұрпақ қалыптастыру – мемлекеттің басты мақсаты екені бізді жігерлендіреді. Ұсынылған реформалар жастардың сапалы білім алуына, кәсіби дамуына және өз әлеуетін толық іске асыруына кең мүмкіндік береді.
Біз, жастар, елдегі оң өзгерістерге бейжай қарамай, қоғам дамуына белсенді атсалысуға дайынбыз. Президент белгілеген жаңғыру жолы – әділетті, тұрақты және заманауи Қазақстанды бірге құруға бағытталған нақты қадам деп білеміз.
Оңғарбаев Әлімжан
Жастар ресурстар орталығы маманы