Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдерін орындау және заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды



Аталған
Заң Конституциялық Соттың нормативтікқаулыларын іске асыру мақсатында әзірленіп, заңнаманы Конституцияға сәйкестендіруге, жарияжәне жеке мүдделер арасындағы теңгерімдіқамтамасыз етуге, сондай-ақ тиімді сыбайласжемқорлыққа қарсы тетіктерді сақтай отырып, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыруғабағытталған.

Заңның негізгі бағыттарының бірі – 2023 жылғы 13 маусымдағы Конституциялық Соттыңнормативтік қаулысында көрсетілген құқықтықұстанымдыескере отырып әзірленген «Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңғаенгізілген өзгерістер болып табылады. Атапайтқанда, егер мұндай шектеу конституциялықтұғырды қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын, халықтыңденсаулығы мен имандылығынқорғау мақсаттарымен негізделмесе, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттіадамдарға теңестірілген тұлғалар үшін кәсіпкерлікжәне өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуғатыйым салу алынып тасталды.

Конституциялық Сот кәсіпкерлік қызметті шектеудифференцияланған болуы жәнелауазымдық міндеттердің сипатына байланыстыайқындалуы тиісекенін атап өтті.

Осы Конституциялық Сот шешімін іскеасыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл туралы» Заңның 13-бабынан мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттіадамдарға теңестірілген тұлғалар үшін кәсіпкерлікжәне өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуғатыйым салу нормасы алып тасталды.

Оларға мемлекеттік орган болыптабылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік кәсіпорындарда (оның ішіндемектептерде, ауруханаларда) жәнеквазимемлекеттік сектордың өзгеде субъектілерінде басқарушылықфункцияларды жүзеге асыратын тұлғалар (біріншібасшылар, олардың орынбасарлары, мемлекеттіксатып алу департаменттерінің басшылары, филиалдар басшылары), «Азаматтарға арналғанүкімет» мемлекеттік корпорациясыныңқызметкерлері, сондай-ақ көлік жолдарындатехникалық және авторлық қадағалауды жүзегеасыратын тұлғалар жатады.

Сонымен қатар, Заңда мемлекеттік функциялардыорындауға уәкілетті адамдарға теңестірілгентұлғалардың кәсіпкерлік және өзге де ақытөленетін қызметпен айналысуына жол берілмейтінжағдайлар бекітілген. Атап айтқанда, егер мұндайқызмет лауазымдық міндеттерді орындауға кедергікелтірсе, қызметтік мүлікті пайдалануға әкеп соқсанемесе мүдделер қақтығысын тудырса, мұндайқызметке тыйым салынады.

Бұл ретте аталған тұлғалар бұрынғыдай сыбайласжемқорлық құқықбұзушылықтарының субъектілері болып қалабереді, мемлекеттік қызметшілермен тең дәрежедесыбайлас жемқорлыққа қарсы органныңбақылауында болады және сыбайлас жемқорлыққұқық бұзушылықтары үшін қылмыстық жәнеәкімшілік жауаптылықта болады.

Осыған орай, оларға қаржылық бақылаушаралары, мүдделер қақтығысының алдын алу жөніндегіталаптар, сондай-ақ туыстарымен бірлесіп қызметатқаруға тыйым салу нормалары қолданылады.

Тиісінше, кәсіпкерлік қызметті жүзегеасыру кезінде белгіленген шектеулерді бұзу, оныңішінде қызметтік мүлікті пайдалану немесемүдделер қақтығысы жағдайында қызмет атқаруфактілері анықталған жағдайда, «Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдасыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердісақтамағаны үшін жұмыстан босату түріндегіжауаптылық көзделген.

Қабылданған Заң конституциялықзаңдылықты нығайтуға және әділеттілік, ашықтықпен құқықтық мемлекет қағидаттарын одан әрі дамытуға бағытталған.