Президент тапсырмасына сәйкес, Байғанин ауданында пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекетке қайтару бойынша кеңейтілген жұмыс жүргізілуде

Қазіргі уақытта «АMANAT» партиясы «Жер Аманаты» жобасын іске асыруда, ол қазақстандықтардың қолдауын тауып, ауыл тұрғындарының ең өзекті мәселелерінің бірі – заңсыз алынған жерлерді қайтаруды шешуде. «Жер Аманаты» жобасы негізінде биылғы жылдың басынан бері Байғанин ауданы бойынша 32719 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, оның 32541 га жайылымдық жер, 178 га өзге бағыттар бойынша. Қайтарылуға тиесілі 27000 га жердің 121% орындалып тұр.
Бұл шара жерді тиімді пайдалануға және ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен үлес қосады.