Президент Жолдауын үлкен үмітпен тыңдадым


Ауылда тұратын қарапайым халық үшін көтерілген мәселелердің көбі — бізге тікелей қатысты. Әсіресе, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл инфрақұрылымын жақсарту мен жастарды жұмыспен қамту жайындағы тапсырмалар көңілге медеу болды.

Мемлекет басшысы ауылды жерлердегі алғашқы медициналық көмекті қолжетімді ету керектігін нақты айтты. Бұл – біз үшін өте өзекті мәселе. Себебі кей ауылдарда дәрігер тапшы, ал қаралу үшін аудан орталығына баруға тура келеді.
Білім саласында да өзгерістер болатынына сенім бар. Ауыл мектептерінің жағдайы жақсарып, интернет пен материалдық база жаңарса, балаларымыз қаладағы оқушылармен тең дәрежеде білім алады.
Президенттің жастарға көңіл бөліп, «Ауыл аманаты» сияқты бағдарламаларды жалғастыруы — ел ішінде еңбек етіп, табыс табуға мүмкіндік береді. Ауылда жастар тұрақтап қалуы үшін осындай қолдаулар өте маңызды.

Айтжанова Гулзира Ерахметовна
ауыл тұрғыны