Денсаулық-адам бақыты мен ел болашағының басты кепілі


Мемлекет басшысының Жолдауында денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше назар аударылғаны – еліміз үшін маңызды әрі уақытылы қабылданған шешім.
Жолдауда халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық көмекті күшейту мәселелері нақты көтерілді. Бұл – шалғай елді мекендерде тұратын халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған өте маңызды қадам.
Президенттің тапсырмасымен *аудандық деңгейден бастап, бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту*, *дәрігерлер тапшылығын жою*, *санитарлық авиацияны дамыту*, *цифрландыру мен телемедицинаны кеңейту* сынды шаралар қолға алынбақ. Бұл өзгерістер еліміздегі әрбір азаматқа сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге жағдай жасайды.Сондай-ақ, *денсаулық сақтау жүйесінде адами капиталдың рөліне* ерекше мән берілді. Жас мамандарды даярлау, медициналық кадрларды тұрақты түрде оқыту, дәрігерлер мен мейіргерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту – білікті кадрлар жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан бұл шаралар — қоғамдағы ең маңызды салалардың бірі саналатын денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуына негіз болары сөзсіз.
Президент Жолдауында айтылған міндеттер — халқымыздың денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды шешімдер. Бұл бастамалардың нақты жүзеге асуы – ұлт саулығы мен еліміздің болашағы үшін өте қажет.