Мен үшін ең әсерлісі – білім саласына және жаңа технологияларға, оның ішінде жасанды интеллектке берілген ерекше назар болды

“Мен үшін ең әсерлісі – білім саласына және жаңа технологияларға, оның ішінде жасанды интеллектке берілген ерекше назар болды. Президент бұл саланың ел экономикасы үшін маңызды қозғаушы күш екенін атап өтіп, жасанды интеллектті оқу процесіне енгізу қажеттігін баса айтты. Сонымен қатар, мұғалімдердің де осы бағытта біліктілігін арттыруы керек екенін жеткізді. Бұл сөздер мені жігерлендірді, өйткені жасанды интеллект тек техникалық сала мамандарына ғана емес, біз – педагогтар үшін де тиімді құрал бола алады”
Алпысбай Айман Кенжебекқызы
«Байғанин орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі




