Полиция департаменті ескертеді:
Полиция департаменті ескертеді: ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшінқылмыстық жауапкершілік қарастырылған
Полиция департаменті ұлтаралық араздықты қоздыру — әртүрлі этностық және ұлттық топтар арасында өшпенділік, жеккөрушілік немесе алауыздық тудыруға бағытталған әрекеттер екенін еске салады. Мұндай әрекеттерге үгіт-насихат жүргізу, экстремистік мазмұндағы әдебиеттерді тарату, сондай-ақ халықтар арасында араздықтықоздыратын кез келген қоғамдық немесеинтернеттегі мәлімдемелер жатады.
Әсіресе әлеуметтік желілердегіарандатушылық сипаттағы жазбалар мен пікірлерге ерекше назар аударылады.Мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасыныңзаңнамасы бойынша қылмыс болып саналады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстықкодексінің 174-бабына сәйкес, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діниалауыздықты қоздырғаны үшін 2 жылдан 7 жылға дейін, ал ауыр зардаптарға әкелгенжағдайда 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазақарастырылған.
Полиция департаменті азаматтардыасығыс және жауапсыз қоғамдықмәлімдемелерден бас тартуға, сондай-ақеліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді сақтауға белсенді түрдеүлес қосуға шақырады.



