Келешек мектептері» ұлттық: 12 мектеп биыл пайдалануға беріледі

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығыменөткен жиында Мемлекет басшысы бастамашыболған «Келешек мектептері» ұлттық жобасын іскеасыру мәселесі қаралды.

Жобаның мақсатызаманауи, қауіпсіз және жайлыбілім беру ортасын қалыптастыру, үш ауысымдыоқытуды жою және қала мен ауыл арасындағыбілім сапасындағы алшақтықты қысқарту.

«Samruk Kazyna Construction» АҚ аймақтықдиректоры Азамат Агелеуовтің айтуынша, биыл 12 жайлы мектеп пайдалануға беріледі. Жаңажайлы мектептер Алтын Орда және Есетбатыр шағын аудандарында, «Саяжай-1», «Баурластар-3», «Жаңақоныс-2» тұрғын алаптарында және облыстың бірнеше ауданындасалынып жатыр.

Өңір басшысы білім беру нысандарына инженерлікинфрақұрылым тарту мәселесіне айырықша көңілбөлді. Қазіргі таңда жеті мектепке желілертолығымен тартылған, төртнысанда жұмыстаржалғасуда, бір мектеп бойынша жобалық-сметалық құжаттамадайындалуда.

Мәліметтерді тыңдаған облыс әкімі мердігерлермен тиісті қызметтерге құрылысқарқынын үдетіп, барлық жұмысты мерзімінде аяқтау үшінжұмысшылар қатарын арттыруды тапсырды. Сондай-ақ мектептерге кіреберіс жолдар салу, оқуорындарының маңында автотұрақтар ұйымдастыружәне жауын-шашыннан жиналған суды ағызужүйелерін салу қажеттігін ескертті.

«Келешек мектептері» жобасын жүзегеасыруөңірдегі білім беруді дамытудың басым бағытыболып қала береді. Балалардың сапалы әрі жайлыжағдайда білім алуыолардың жарқынболашағының кепілі», – деді өңір басшысы.