Референдум — халықтың пікіріне құлақ асатын маңызды қадам. Біз экология туралы ойлануымыз керек, сондықтан қауіпсіз энергетикаға көшу қажет. АЭС — бұл ең дұрыс шешім. Егер салмақты көзқараспен қарайтын болсақ екі ойлы пікірдің бірін таңдауымыз керек болады. Бұл таңдауымыз біздің еліміздің дамуымен байланыстырылғаны дұрыс. АЭС-тың қарсыластарына сенетін болсақ, онда бізге ештеңе салудың қажеті жоқ. Дамудың да қажеті жоқ. Бірақ біз болашақ ұрпақтарымыз үшін жақсысын қалаймыз, сондықтан алға жылжуымыз керек деп ойлаймын. Өзге де дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек біздің де батыл қадамға баруымызға негіз бар.

Қолдасбаева Индира Нұрәділқызы,

жеке кәсіпкер.