Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті рет Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Әдеттегідей, бүгінгі таңдағы өзекті мәселені ортаға салып, шешу жолдарын ұсынды. Жауаптыларға бірқатар міндеттерді жүктеді.

Оның ішінде ел экономикасының дамуына тікелей әсер ететін АЭС салу мәселесінде референдум өткізуді ұсынды. Бұл маңызды қадамға енді Қазақстанның әр азаматы саналы ойланып, өзге елдің тәжірибелерін саралай келе келісім беретінін немесе қарсы болатынын айта алады. Бірақ энергия тапшылығы мәселесі келешек ұрпақ үшін салмақты ойлантуға үндейді. Қазақта шегірткеден қорыққан егін екпейді деген сөз бар. Қауіпінен сескене берсек өзімізде уран сияқты шикізаты бар АЭС құрылысын кейінге тарта беретіміз анық. Бірақ бүгінгінің талабы қарқынды экономикалық даму, заман талабына ілесу, елдің барлық дам саласына қолайлы жағдай жасау. Осы жолда референдум өте маңызды қадам болатыны анық.
Айман Кенжебекқызы, белсенді жас