Батыр атындағы мектептің жүлдегерлері

Батыр атындағы мектептің жүлдегерлері

Қ.Жазықов атындағы  орта мектебінің  оқушылары  2-7 сынып  оқушылары  арасында  өткізілген  «Зерде»   зерттеу  жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының  республикалық   кезеңіне  қатысып,  жүлделі орындармен  оралды. 

Атап айтар болсақ 3 сынып оқушылары  Қазбекова  Ақкөркем мен Ермұхамбет Еркемай «Сарысу өнімдері. Пайдасы мен зияны»  тақырыбында, 6  сынып  оқушылары   Әлімбаева  Бану  мен Нұрлыбаева  Аружан  «Құрақ-таусылмас сыр, өшпес өнеге »  тақырыбында  өз  жобаларын  ұсынып,  Көкшетау  облысы,  Щучье  қаласына  барып  қорғап,  жүлделі
ІІ – ІІІ  орындарды  иеленіп  келді.  Оқушыларды  ғылыми бағытта  баулып,  тәрбиелеген  тәжірибелі  ұстаздар  Еңсегенова  Жаңылсын  Есқуатқызы — бастауыш сынып  мұғалімі, Шырдабаева  Лаззат Есентурлиевна – қазақ тілі мен  әдебиеті пәнінің  мұғалімі.  Республикалық  дәрежедегі  байқауда  аудан,  облыс  мерейін  арттырып,  өздерінің шығармашылық  белсенділіктерін көрсеткен  Батыр атындағы  мектептің  оқушылары мен  ұстаздарына  шығармашылық  табыс  тілейміз.

«Жем – Сағыз» ақпарат.