Қазақстандықтарға 45 градусқа дейін аяз болатыны ескертілді

Қазақстандықтарға 45 градусқа дейін аяз болатыны ескертілді

Қазақстандықтарға қатты аяз болатыны туралы ескертілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» синоптиктері 20 ақпанға арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамды жариялады.

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады, тек республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен қар жауып, бұрқасын соғады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында жел күшейеді, батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста тұман түседі.

«Жетісу облысында 30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында 45 градус аяз сақталады», — делінген хабарламада.