Ақтөбе қаласы аумағында «Есептегі элемент» республикалық жедел алдын алу іс — шарасы өткізілуде

Ақтөбе қаласы аумағында "Есептегі элемент" республикалық жедел алдын алу іс - шарасы өткізілуде
Ақтөбе қаласы аумағында құқық бұзушылық профилактикасының жалпы жүйесінде негізгі және маңызды бағыт және алынбаған соттылығы бар адамдар тарапынан қылмыс жасаудың алдын алу болып табылады.

2024 жылғы 12 — 20 ақпан аралығында Ақтөбе қаласы аумағында «Есептегі элемент» республикалық жедел алдын алу іс — шарасы өткізілуде.

Бұл іс-шараның басты мақсаты пробация қызметінде және ішкі істер органдарының есебінде тұрған тұлғалардың қайтадан қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.

Өткізіліп жатқан «Есептегі элемент «жедел алдын алу іс-шарасының 3 күндік нәтижесінде Ақтөбе қаласы қызмет атқару аумағында 1316 есептегі тұлға тексерілді.

Тексеру кезінде есептегі 125 тұлғаның тарапынан құқық бұзушылық анықталды. 151 адам ІІО есебіне алынды.

Осы жедел алдын алу іс- шарасы кезінде есептегі жазасын өтеуден мерізімінен бұрын шартты түрде босап шыққан 1 адам полицияның қойылған шектеулерін бұзып және бірнеше құқық бұзушылық жасағаны үшін, сот қаулысымен түзеу мекемесіне қайтарылды, есептегі 2 адамға сот қаулысымен әкімшілік қадағалау орнатылды, есептегі 7 адам сот қаулысымен мәжбүрлі түрде алкогольдік ішімдіктен емдеу орталығына жіберілді.

Жалпы жыл басынан бері Ақтөбе қаласы аумағы бойынша есептегі жазасын өтеуден мерізімінен бұрын шартты түрде босап шыққан 5 адам полицияның қойылған шектеулерін бұзып және бірнеше құқық бұзушылық жасағаны үшін, сот қаулысымен түзеу мекемесіне қайтарылды. Учаскелік полиция инспекторларымен есептегі элемент санатында тұрған тұлғаларға үнемі бақылау жүргізілуде.